"Kinopark 4 Turkistan” кинотеатры жұмысын бастады

0
1 146

“Funky Town” ойын-сауық орталығы да ашылатын болады.


Түркістан қаласындағы "Khanshaiym Plaza” ойын-сауық орталығы ішінен "Kinopark 4 Turkistan” кинотеатры жұмысын бастады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс орталығында ашылған кинотеатр аталған кинопарктің 23-ші филиалы. Яғни, бұған дейін «Kinopark» Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да жалпы 11 қалада көрермендерді соңғы шыққан жаңа туындылармен қуантып келеді.

Түркістан қаласындағы кинопарк ішінде 4 зал бар және жалпы саны 446 орынды құрайды. Рухани шаhардағы кинотеатрдың ерекшелігі - дизайнында. Ұлттық ою-өрнектермен көмкеріліп, этно стильде жасалған. Көрермендер күнделікті кестені kinopark.kz сайтынан білуіне болады. Ал, кинотеатрдың ресми ашылуы мамыр айына жоспарланып отыр. Қазірде Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, отыру орындарына 30 пайызға дейін толтырумен жұмыс істеуіне рұқсат берілген. Сол себепті, келушілерден карантин режимі талаптарын сақтау сұралады.

Одан өзге, “Khanshaiym Palaza” ішінен жуық арада “Funky Town” ойын-сауық орталығы да ашылатын болады.