Кішкентай балаларға қарбыздың қабығын жегізген ер адам ұсталды

0
1 375

Ол Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты.


Кішкентай балаларға қарбыздың қабығын жегізген ер адам ұсталды

Түркістан облысы полицейлері балаларды қарбыздың қабығын жеуге мәжбүрлеген ер адамды тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінің назарына аузына келген былапыт сөзді айтып, екі кішкентай ұл баланы балағаттап, оларға қарбыздың қабығын жегізіп, соны өзі видеоға түсіріп тұрған азаматтың бейнежазбасы ілікті.

Бір тәулік ішінде полицейлер қоғамдық резонанс тудырған бейнежазбаның авторын анықтап, ұстады. Ол Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Бейнеге түсірілген жайт 2019 жылдың тамыз айында болған. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, полицейлер балаларды да тапты. Олардың ата-аналары полицияға аталмыш құқық бұзушыны жауапкершілікке тарту үшін арыз беруге ниетті екендіктерін жеткізді.

Еске салайық, белгісіз ер адам екі баланы қабығымен қарбыз жеуге мәжбүрлеп, видеоға түсірген. Кадрлар әлеуметтік желілерде тарап, қолдаланушылардың наразылығын туғызған болатын.