Қоғам белсендісі "Түркі мемлекеттері Түркістанға бір-бір мөлтек аудан салып берсе" деген ұсыныс айтты

0
2 009

"Мысалы, Түркия/Анкара ауданы, Әзірбайжан/Баку ауданы, Мажарыстан/Будапешт ауданы, Өзбекстан/Ташкент ауданы, Түркменстан/Ашхабад ауданы, Татарстан/Қазан ауданын салып берсе деген ұсыныс бар"


Қоғам белсендісі

фото ашық дереккөзден алынды

Қоғам белсендісі, IT маманы Садық Шерімбек "Түркістан қаласына Түркі мемлекеттері бір-бір мөлтек аудан салып берсе", деген ұсыныс айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ белсендінің жеке парақшасына сілтеме жасап.

"Түркістан қаласына әр облыс бір-бірден ғимарат салып береді деп жатыр. Кеше міне бизнесмендерді желкелеп жатыр. Жақсы. Бірақ, осы біздің атамыз бүкіл Түркі әлемінің ақсақалы ретінде інілеріне "Әу" деп жіберсе жақсы болар еді. Әр Түркі мемлекеті Түркістанға бір-бірден аудан салып берсе қалай болады екен деймін да. Ал, ол аудандарды символик түрде сол елдердің атымен яки астаналарының атымен атап қойсақ.

Мысалы, Түркия/Анкара ауданы, Әзірбайжан/Баку ауданы, Мажарыстан/Бұдапеш ауданы, Өзбекстан/Ташкент ауданы, Түркменстан/Ашқабат ауданы, Татарстан/Қазан ауданы деген сияқты. Сонша уақыттан бері айтып келе жатқан ұрандарын "қара шаңыраққа" бір үлес жасап дәлелдеп жіберсе, қанеки. Әлбетте құрылыстарда парсы стиліне емес, көшпелі мәдениеттің белгілеріне көбірек мән берілсе игі болар еді", - деді ол.