Көркейту және абаттандыру мақсатында Түркістан 32 секторға бөлінді

0
866

Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты.


Көркейту және абаттандыру мақсатында Түркістан 32 секторға бөлінді

Өмірзақ Шөкеев Түркістанда қарағаш пен тез өсетін терек отырғызуды тапсырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістанда қарағаш пен тез өсетін терек отырғызуды тапсырған өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы абаттандыру жұмыстарымен танысты. Іс-шараның орындалуын қатаң бақылауға алып, жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруды тапсырды. Қаладағы көгалдандыру жұмыстарымен танысқан облыс басшысы Ордабасы, Түлкібас, Төлеби және Шардара аудандарына бекітілген секторларды аралады.

Көркейту және абаттандыру мақсатында қала 32 секторға бөлінген. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты. Қаланы көркейту бір үлгіде жүзеге асуда. Қала аумағында веложолдар төселіп, газон шөптері себілуде. Көшелерде жарық шамдар, қоқыс жәшіктері мен тұрғындардың демалуына арналған орындықтар орнатылған. Кешенді жұмыс барысын бақылаған облыс әкімі жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берді. Аймақ басшысы сапаға мән беріп, жасыл желекті суаруды жетілдіруді міндеттеді.

Түркістан шаһарын көркейту, экологиялық жағдайды жақсарту үшін қарқынды жұмыс жүріп жатқаны белгілі. Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, жасыл көшеттерді желден, суықтан және басқа да сыртқы факторлардан қорғау үшін ағаштар арнайы сымдармен оралып, тіректермен қоршалуда.

Кей жобаларды жасауға тікелей тұрғындар да атсалысқан. Қала халқы демалатын орынның жайлы да, ыңғайлы болуына түркістандықтар үлес қосып, #ХалықтықЖоба жасауда. Өмірзақ Естайұлы бұл жобаны үлгі ретінде пайдалануды тапсырды.