Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай Түркістан облысында тұрақты

0
2 288

ҚР-да ауру жағдайлары тіркелген жоқ.


Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай Түркістан облысында тұрақты

Түркістан облысы ТКҚСҚБД-нің қызметкерлері және Түркістан облысы ҚДБ-мен бірлесе отырып Коронавирусты инфекцияның алдын алу бойынша теміржол және автокөлік бекеттерінде оқу жаттығу жұмыстарын облыс көлемінде жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Коронавирустар (CoV) – бұл қарапайым суық тиюден бастап таяу шығыс респираторлық синдромы (MERS-CoV) және ауыр жіті респираторлық синдром (SARS-CoV) сияқты ауыр ауруларды тудыратын вирустардың үлкен тобы. Жаңа коронавирус – бұл бұрын адамдарда анықталмаған жаңа штамм, ол жануарлардың организмінде паразиттік өмір сүреді. Жасырын (инкубациялық) кезеңі 2-7 тәулік. Ауру кезінде дене температурасы көтеріледі, жөтел, демікпе пайда болады және тыныс алу қиындайды.

Вирустың айналысы жануарлар, жарқанаттар, жыландар, борсықтар мен басқа жануарлар арасында байқалады, вирустың концентрациясы жоғары болған кезде инфекцияның адамнан адамға көбіне ауа-тамшы жолы арқылы берілуі мүмкін. Инфекция көзі мен таралу жолдары түпкілікті анықталған жоқ.
Эпидемиологиялық жағдай
2020 жылғы 24 қаңтарда Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа типімен сырқаттанудың 830 жағдайы тіркелген, олардың ішінде 25 адам қайтыс болған.
Алдын ала эпидемиологиялық тергеп-тексеруге сәйкес ауырған адамдардың көбі Хубей првинциясының Ухань қаласында орналасқан Хуанань теңіз өнімдері, жануарлар, құстар мен экзотикалық өнімдер көтерме сауда базарында жұмыс істеген немесе өңдеушілер болған және оған жиі барып тұрған.
Қытай билігі қарқынды қадағалау және кейінгі шаралар бойынша, сондай-ақ одан арғы эпидемиологиялық тергеп-тексеру бойынша өз жұмысын жалғастыруда. Уханның 4 қаласының тұрғындары үшін қаладан шығуға уақытша тыйым салынды, Ухань қаласынан әуе рейстерінің ұшуы, автобустар мен поездар тоқтатылды.
Бұдан басқа ДДҰ ақпаратына сәйкес коронавирустың жаңа түрімен сырқаттанудың бірлі-жарым жағдайлары Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Гонконгте, Тайваньда, Тайландта, АҚШ-та және басқа жерлерде тіркелген. Барлық ауырған адамдар Ухань қаласына барған.
ҚР-да ауру жағдайлары тіркелген жоқ.
ҚР-да қабылданған шаралар:
ҚХР-да эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты Қазақстан Республикасына аурудың әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында Комитет санитариялық-эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар кешенін қабылдауда.
- «Қазақстан Республикасының аумағына этиологиясы белгісіз пневмонияның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы (ағымдағы жылғы 06 қаңтардағы № 1) бекітілді және өңірлерге жіберілді;
- әуежайларда және теміржол вокзалдарында, автомобиль өткізу пункттерінде, әсіресе Қытай Халық Республикасынан келген барлық адамдарға (жолаушылар, тасымалдаушылар, экипаж мүшелері, бортсеріктер және басқалары) міндетті түрде байланыссыз термометрия жүргізілуде;
- әуежайлардың, шекара және кеден қызметінің қызметкерлерімен, бортсеріктермен, ұшу құрамымен, жолаушылар поездарының жолсеріктерімен ұшу және поездардың жол жүруі кезінде коронавирустық ауруға және басқа да инфекцияларға күдікті науқастарды анықтау, өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмыс жүргізілуде;
- Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары мен облыстық орталықтардағы әуежайларда коронавирустық инфекцияға күдікті науқас анықталған жағдайда ведомствоаралық оқу жаттығуын өткізу жоспарланды;
- шетелге шығатын қазақстандық азаматтарды (туристер, студенттер, мигранттар және т. б.) ақпараттандыру мақсатында Білім және ғылым, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Мәдениет және спорт министрліктеріне ұсынымдар жіберілді;
- ҚР әуежайларында ҚХР-ға баратын адамдарға таратылатын жадынама бекітілді;
Бүгінгі күні мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде 16948 адам қаралды, ҚХР-дан келген адамдар арасында дене қызуы жоғары және ауру белгілері бар адамдар анықталған жоқ.
ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық қызметі халыққа мыналарды ұсынады:
• өте қажет болмаса, ҚХР-ға сапарға шығудан бас тарту;
• Ухань, Хуанганг, Эчжоу, Гибн, Сяньбао, Цяньизян, Чжидзя и Лигуан қалаларына барудан бас тарту;
• ҚХР-да болған кезде немесе сол жақтан келген кезде респираторлық ауру симптомдары пайда болған жағдайда, сапар кезінде немесе одан кейін медициналық көмекке жүгіну немесе өзінің емдеуші дәрігеріне инфекцияның таралу аймағына барғаны туралы хабарлау қажет;
• жіті респираторлық инфекциялармен ауыратын адамдармен тығыз байланыс жасамау;
• коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың көтерілуі ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанушылық бойынша маусыммен тұспа-тұс келгенін ескере отырып, науқастармен байланыста болған кезде, сондай-ақ медициналық ұйымдарға барған кезде әр 3 сағат сайын ауыстырылатын, бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалануды ұсынамыз;
- қолды жиі жуу, әсіресе науқас адамдармен немесе олардың айналасымен тікелей байланыста болғаннан кейін;
• ауру үй жануарларымен және/немесе жабайы жануарлармен тығыз байланыста болмау;
- аурудың бірінші белгілері пайда болған кезде дәрігерді үйге шақыру, өзін-өзі емдемеу;
- тағамдық берілу жолын болдырмау үшін тамақ өнімдерін мұқият термиялық өңдеуден өткізу және көкөністер мен жемістерді жуу.
Жіті респираторлық инфекция симптомдары бар адамдар жөтел этикетін сақтауы тиіс (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде бір рет қолданылатын сулықтармен немесе орамалмен ауызды жабыңыз).
Жағдай ҚР ДСМ ТКҚСҚБ Комитетінің бақылауында тұр.