Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

0
1 676

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаланы дамыту барысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.


Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

Түркістанда 29 нысанның құрылысы өңірлер мен ұлттық компаниялар және бизнес өкілдерінің есебінен – жүргізілуде деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

ҚР Премьер -минстрі Асқар Мамин Түркістан қаласына арнай іссапармен келді. Облыс орталығында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, Селекторлық мәжіліс өткізді.
Басқосуда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев баяндама жасап, қаланы дамыту барысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
- Елбасының Түркістан қаласын дамыту туралы тапсырмасына сәйкес 29 нысанның құрылысы өңірлер, ұлттық компаниялар және бизнес өкілдеріне бекітілген – деген Ө. Естайұлы әрбір құрылыс нысаны бойыншп кең көлемді мәлімет берді.

Жиынға Алматы қаласының әкімі Б. Байбек, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және өзге де облыс, қала әкімдері мен ұлттық компания өкілдері қатысты.