ҚР Президенті Леңгердегі көппәтерлі тұрғын үй мәселесін шұғыл түрде шешуді тапсырды

0
1 207

Ленгердегі көп қабатты үйдің тұрғындары шағым түсірген.


ҚР Президенті Леңгердегі көппәтерлі тұрғын үй мәселесін шұғыл түрде шешуді тапсырды

фото: скриншот

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкіміне Леңгердегі көппәтерлі тұрғын үй мәселесін шұғыл түрде шешуді тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында жазды.

«Премьер-министр мен Түркістан облысының әкіміне Леңгердегі көппәтерлі тұрғын үйдің өткір мәселесін шұғыл түрде шешуді тапсырдым»,- делінген жазбада.

Ленгердегі көп қабатты үйдің тұрғындары жертөлені басып кеткен кәріз суына қатысты шағым түсірген.