​Күйеуінің арқасын қасып бермек боп пышақ тығып алған әйел сотталды​

0
2 754

40 жастағы келіншек үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.​


​Күйеуінің арқасын қасып бермек боп пышақ тығып алған әйел сотталды​

иллюстрациялық фото

"Арқамды қасып бер!" Осылай деп қайта қайта бұйрық берген күйеуінің арқасына пышақ сұғып алған әйел сотталып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғыны 1980 жылы туған Анна азаматтық некедегі жұбайымен бірге спиртті ішімдік ішіп көңіл көтерген. Кейін кешкі астың қамымен картоп ашып асханада отырған Аннаға күйеуі арқасының қышып тұрғанын айтып пышақпен түйреп жібер деп бұйырады. Олай жасаудан бас тартқан Аннаға ашуланып ер адам әйелін ұрып соға бастайды. Ызаланып кеткен әйел күйеуінің сол жақ жауырынына пышақты сұғып алады.

Түк болмағандай масайып алған ерлі-зайыпты ары қарай бірге алкоголь ішуді жалғастырған. Тек үш сағаттан кейін ғана ер адамның жарақаты ауырсынып, халі нашарлай бастаған. Шошып кеткен Анна дереу жедел жәрдем шақырған.

Аталған жәйт бойынша ҚР ҚК нің 106 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, Арыс аудандық сотында қаралды. Сотта сотталушы әйел өз кінәсін мойындап, қасақана пышақ жарақатын салмағанын айтып ақталды. Жәбірленуші күйеуі де әйелін кешіргенін алға тартып соттан перзенттерінің анасын темір торға қамамауды сұрады. Арыс аудандық сотының үкімімен 40 жастағы Аннаны үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.