Құтқарушылар суға кеткен 15 жастағы жасөспірімді аман алып қалды

0
1 030

Жасөспірім рұқсат етілмеген жерде шомылған.


Құтқарушылар суға кеткен 15 жастағы жасөспірімді аман алып қалды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

Түркістан облысы Шардара ауданының құтқарушылары суға кеткен 15 жастағы жасөспірім баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқиға 31 мамыр күні болған. Сол күні түс мезгілінде 2004 жылы туған бозбала Сырдария өзеніне суға түскен. Өзен жағасынан 15 метр жүзген соң жасөспірім тұншыға бастаған. Су жұтып бойын үрей билеп, тұншыға жанталасқан. Біресе батып, біресе су бетіне шыққан баланы байқап қалған құтқарушылар бірден суға түскен. Жағаға аман есен шығарып алған жасөспірімге медициналық көмек көрсетілген.

Бұл туралы Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бір өлімнен аман қалған кәмелетке толмаған баланы құтқарушылар үйіне дейін жеткізіп, ата-анасына табыстаған. Мамандар жасөспірім рұқсат етілмеген жерде шомылған деп отыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары суға түскенде сақ болуды, шомылу ережелерін сақтауды ескертеді.