«Қылмыс пен құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік»

0
1 985

Отырар ауданының оқушылары құқықтық тәрбие алды.


«Қылмыс пен құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік»

Түркістан облысы, Отырар ауданында оқушылар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында «Қылмыс пен құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Отырар аудандық мәдениет сарайының кіші залында оқушылар арасындағы құқықтық тәртіптің бұзылуына жол бермеуді және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды мақсат еткен бұл шараға Темір ауыл округіне қарасты Темір жалпы орта мектебінің оқушылары, аудан әкімінің орынбасары П. Жаппарқұлов, білім мекемелерінің мамандары, тәртіп сақтау қызметкерлері қатысты.

Құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік – бұл азаматтардың ең кіші деген құқықбұзушылықпен келіспеуі немесе құқық бұзушылыққа деген теріс көзқарасы болып табылады. Осындай нөлдік төзімділік қағидасын қалыптастыру мақсатында өткен іс-шарада құқықбұзушылық пен қылмыстың, діни экстремизм мен терроризмнің, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу туралы айтылды.

Сонымен қатар, қыздар арасындағы ерте жүктілік, зиянды психотроптық заттар, зорлық-зомбылық тақырыптары да қамтылып, оқушыларға түсіндірілді.

Құқықтық іс-шара оқушыларға құқықтық тәрбие беру арқылы өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретті.