Лагерьде балаларды ұрып-соғып балағаттаған тәрбиешіге қатысты ресми мәлімдеме жасалды

0
2 624

Балалар демалып жатқан мекеме облыстық білім басқармасының лагерлер тізбесіне енбеген.


Лагерьде балаларды ұрып-соғып балағаттаған тәрбиешіге қатысты ресми мәлімдеме жасалды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

Лагерьде тәрбиешінің жасөспірім балаларды балағаттап, ұрып соққаны жазылып қалған видео тарап кетті. Түркістан облысы Төлеби ауданы Біркөлік шатқалында орналасқан "Сұңқар" жазғы сауықтыру лагерінде түсірлген видео әлеуметтік желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Ernur.kz тілшісі.

Белгілі қоғам белсендісі, ҚР Президенті жанындағы қоғамдық сенім жөніндегі Ұлттық кеңес мүшесі Айгүл Орынбек фейсбуктегі парақшасында видеоны жариялап, жазба қалдырды.

"Түркістан облысына қарасты Бүргіліктегі "Сұңқар" лагері. Тәрбиеші балаларды теуіп, боқтап ұруда. Облыста құрлыс оңып тұрған жоқ. Білім, тәрбие беретін орындарымыздың сиқы мынау. Арыстың балалары қәзір үйлері біткенше лагерлерге жіберілген. Ата-аналары балаларымыздың демалып жатыр деп ойлап жүр ау! Қайдан білсін таяқ астында жүргенін! Ал лагерлер Сталин кезіндегі "Алжир" лагеріне ұқсап тұр. Ал балалардың құқығын қорғайтын обудсмен Аружан Сайн әу деңіз, мынау не масқара?!,"- делінген жазбада.

Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы аталған жәйтке байланысты мәлімдеме жасады. Басқарманың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазір тәрбиеші тергелуде екен.

"Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы фейсбук желісінде тараған Айгүл Орынбектің ақпаратына байланысты төмендегі жайды хабарлайды. "Сұңқар" демалыс орны Түркістан облысы, Төле би ауданы, Бүргілік елді мекенінде орналасқан. Аталған мекеме облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қорытындысын алмаған және облыстық білім басқармасының лагерлер тізбесіне енбеген, жекеменшік мүлікке жатады. Дегенмен, " Сұңқар " демалыс орны мемлекеттік конкурсқа қатысып, жеңімпаз ретінде жарияланғандықтан, ағымдағы жылдың жаз айларында Түлкібас ауданының 800 ден аса оқушыларын, Шардара ауданының 50 баласын сауықтыруда. Арыс қаласының балалары жіберілмеген. 2019 жылдың 15 тамызында Түлкібас аудандық білім бөлімінің мамандары мекемеге барып, ата-аналармен сұхбат жүргізген. Ал, болған оқиғаға байланысты қазіргі таңда тәрбиешінің үстінен тергеу амалдары жүргізілуде," - деп хабарлайды Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.