Лагерьдегі балаларға аурудың алдын алу жөнінде тренинг өтті

0
2 323

Ішек құрт ауруларының алдын алу мақсатында «Тазалық денсаулық кепілі» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Лагерьдегі балаларға аурудың алдын алу жөнінде тренинг өтті

ERNUR.KZ. Түркістан облысындағы жазғы лагерьдегі балғындарға ішек құрт ауруларының алдын алу бойынша тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл жолы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары «Жастық» аула клубының базасындағы балалармен кездесіп, ішек құрт ауруларының алдын алу мақсатында «Тазалық денсаулық кепілі» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тренинг барысында жасөспірімдерге «Тамақтану режимі және жеке бас гигиенасы ережелері» туралы мәлімет беріліп және ішек құрт ауруларының алдын алу шаралары түсіндірілді. Балалар 2 топқа бөлініп «Дұрыс тамақтану әдебі», «Тазалық денсаулық кепілі» атты тақырыптарында суреттер салды, жұмбақ шешіп, мақал-мәтел жарысы өтті.

Ішек құрттар пайда болмас үшін аурудың алдын алу қажет. Ол үшін тамақтанар алдында қолды міндетті түрде жуып, тамақты таза пісіріп, көкөністер мен жеміс-жидектерді тазалап жуып жеу қажет. Сонымен қатар бала сарымсақ, қаражидек, сәбіз шырынын немесе одан жасалған салатты (салатқа өсімдік майын араластыру керек) көп тұтынғаны жөн. Паразиттерден сақтанудың ең тиімді тәсілі асқабақтың шикі дәні болып табылады.