М.Сейітжанов Шымкент зообағының директоры туралы: Ол түрлі жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы болуы мүмкін

0
1 881

Шымкенттегі мектеп асханаларын жалға алушылар бізді заңсыз тексеруде деп, облыстық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің Төрағасына шағым айтты.


М.Сейітжанов  Шымкент зообағының директоры туралы: Ол түрлі жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы болуы мүмкін

фото: Н.Бұхарбаевтың желідегі парақшасынан алынды

ERNUR.KZ. Шымкентте зообақ директоры, қалалық мәслихат депутаты Нұрғазы Бұхарбаев пен ОҚО кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес Төрағасы Мелес Сейітжановтың арасында дау туындауы мүмкін деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент зообағының facebook- тегі ресми парақшасында ОҚО кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес Төрағасының қызметтен кетуін талап еткен жазба жарияланды.

фото: Шымкент зообағының желідегі парақшасынан алынды

Бұл жазбаға облыстық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің Төрағасы Мелес Сейітжановтың зообақ директорына қатысты айтқан сөзі себеп болған.

ONINFO.KZ сайты хабарлағандай, күні кеше облыстық кәсіпкерлер палатасында Шымкенттегі мектеп асханаларын жалға алушылар бізді заңсыз тексеруде деп облыстық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің Төрағасына шағым айтты.

Мән-жайды көріп, білген облыстық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің Төрағасы Мелес Сейітжанов мырза:

«Тексерушілердің ішінде зообақ директоры жүр. Ол түрлі жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы болуы мүмкін, рас па? Ол зообақтың директоры ғой, жануарлармен жұмыс істейді», — деген.

"Мелес мырза Қазақстан Республикасы ар-намыс кодексі туралы заңынан бейхабар болғаны ма?! Бұл сөздерден оның балалар денсаулығына алаңдамай, тамақ пісіруші кәсіпкерлерді қорғап, жеке адамның намысына тиісу маңыздырақ болғаны байқалады...

...Мелес Сейітжанов мырзаны айтқан сөзі үшін Бұхарбаев сотқа беріп, жеңіп шықса облыстық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесі ұятқа қалмайды ма?!" ,- деп жазады ONINFO.KZ сайты.

Айта кетейік, Шымкент мектептеріндегі асханаларды тексеру қалада балмұздақтан жаппай улану фактісі тіркелгеннен кейін өткен қала әкімі жанындағы қоғамдық кеңесте айтылған.