​Мақтаарал ауданының әкімі Тәуелсіздік құрдастарымен кездесті

0
1 522

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елді өрге бастар «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Мақтааралдық жастар тарапынан да қызу қолдау тауып отыр.


​Мақтаарал ауданының әкімі Тәуелсіздік құрдастарымен кездесті

Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығы қарсаңында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов өнерде, білім мен ғылымда, спортта, кәсіпкерліксынды 27 салада жоғары жетістіктерге жетіп жүрген Тәуелсіздік құрдастарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиында өзінің еңбек баспалдағы мен өмір жолынан мысалдар келтіріп, еркін пікірлесу алаңына жағдай туғызған аудан әкімі Бақыт Асанов Елбасының жастар арасында жұмыссыздықты жою арқылы халықтың әл-ахуалын жақсартуға бағытталған кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары, білім мен ғылымға деген қызығушылықты арттыруға жасалып жатқан қамқорлықтар, жас ұрпақтың бойына патриотизмді сіңірудегі игілікті істерге тоқталып, ел болашағын жарқын етуде жастардың белсенділігінің маңызды екенін айтты.

Әр саланың тізгінін ұстаған жастармен жеке-жеке тілдесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын, көзқарасын сұрады. Бірқатар жастарды алғыс хатпен марапаттады.

Айта кету керек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елді өрге бастар «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Мақтааралдық жастар тарапынан да қызу қолдау тауып отыр. Өзінің әрбір жолдауларында еліміздің болашағы – жастардың қолында екенін айтып, қоғамның негізгі қозғаушы күші саналатын оларға үлкен сенім артқан ұлт көшбасшысының «Біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. Қазақстаннантыс жерде жұмақ жоқ» деген қанатты сөзін көкірегіне түйген әрбір жас туған елінде қызмет етуді алдына мақсат етіп қойған. Ол үшін жастарға жасалып жатқан қамқорлықтар да аз емес.