​Мақтааралда Абайдың қара сөздеріне арналған кеш өтті

0
1 976

Мақтааралда философ-ақын Абайдың 15-қара сөзіне арналған әдеби-сазды кеш өтті. "Ақылды адам" тақырыбында өткен кеште аймақтың зиялы қауым өкілдері Құнанбаевтың қара сөзі кеңінен талқыға салып, жастарға түсіндірді


​Мақтааралда Абайдың қара сөздеріне арналған кеш өтті

Мақтаарал ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі "Ақ алтын" аудандық мәдениет орталығында Абай Құнанбаевтың қара сөздеріне арналған әдеби-сазды кеш болып өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақтың философ-ақыны Абай Құнанбаевтың қара сөздеріне, соның ішінде он бесінші қара сөзі "Ақылды адам" тақырыбына арналған әдеби-сазды кешке ауданның барлық мәдени орталықтары мен еңбек ардагерлері, ардагер ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты. Онда ақынның ақылды адамдар мен атақ құмар жандардың, жақсы мен жаманның, білімді мен надандардың арасындағы айырмашылықтар айтылып, талдау жасалды. Мектеп оқушыларына терең түсіндірілді. Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Абай-Шәкәрім амфитеатрында болып, ақынның туған жеріне саяхат жасап қайтқан ел ағалары өздерінің естеліктерімен бөлісіп, ауданнан арнайы Жидебай жеріне саяхат жасауды ұйымдастыру мәселесін ұсынды.
Іс-шара барысында аудандағы мәдени орталық мүшелері тарапынан ұлы ақынның әндері орындалып, мектеп оқушылары мен ұстаздары Абай Құнанбаевтың шығармаларын талдап, өз ойларын айтты. Сол заманда жазылған шығармаларын бүгінгі қоғамда да кездесетін тұстарын айтысып, жастарды білім мен ғылымға ден қоюға шақырды.