Мақтааралда колледж студенттері Жолдауды талқылады

0
1 138

Жиын барысында колледж ұстаздары мен студенттері Елбасы Жолдауында айтылған білім беру сапасын арттыру мен мұғалім мәртебесін көтеру жайын сөз етті.


Мақтааралда колледж студенттері Жолдауды талқылады

Болашағына бей-жай қарамайтын әрбір қазақстандықты үн қосуға жетелейтін Жолдау - Мемлекет басшысының еліне ұсынған жаңа бағыты екендігін мақтанышпен жеткізген колледж студенттері кездесуден үлкен әсер алып, болашаққа деген нық сеніммен тарқасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қара шаңырақ білім ордаларының бірі - Мақтарарал агробизнес колледжінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты биылғы жолдауын студент жастар арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру мақсатында алқалы жиын болып өтті. Аудандық "Жастар ресурстық орталығының" ұйымдастыруымен өткен басқосуда Елбасының алға қойған жоспарлары мен мақсаттары, сондай-ақ, салиқалы саясаттың жүргізілуі нәтижесінде ширек ғасырда еліміздің жеткен жетістіктері Қазақстанның жаңа тарихының бет бейнесін көрсеткендігі айтылды.
Жиын барысында колледж ұстаздары мен студенттері Елбасы Жолдауында айтылған білім беру сапасын арттыру мен мұғалім мәртебесін көтеру, денсаулық сақтау саласын жақсарту, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңалықтар мен тапсырмалар туралы өз ойларын ортаға салып, Жолдауды бір ауыздан қолдайтындықтарын білдірді.