​Мақтааралда мақтаның бағасы 10 теңгеге өсті

0
3 048

Ақ алтынның әрбір тоннасына 12 мың теңгеден мемлекеттік субсидия қоса берілетін болады.


​Мақтааралда мақтаның бағасы 10 теңгеге өсті

Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Мақтаарал ауданына жасаған жұмыс сапарынан кейін мақтаның бағасы 180 теңге болып бекітілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Министр мен облыс басшысы жергілікті зауыт басшыларымен және мақтаны экспорттаумен айналысатын трейдерлермен арнайы жиын өткізіп, жүргізілген нәтижелі жұмыстың арқасында ақ алтынның бағасы 10 теңгеге өсті.

Бұған дейін Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов пен Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтар да мақтаның бағасын көтеруге ықпал жасау бойынша іс-шаралар жасап, зауыт басшыларымен бірнеше рет жиналыс өткізген болатын. Еңбекқор мақташылардың талап-тілегін орындаудағы оңды қадамдар осылайша сәтті аяқталып отыр.

Айта кетейік, ақ алтынның әрбір тоннасына 12 мың теңгеден мемлекеттік субсидия қоса берілетін болады.