Мақтааралдық басшылар рамазан қарсаңында қайырымдылық жасады

0
2 326

Азық-түлік себеттері аудандық «Абдул Аким» мешітінің қызметкерлері арқылы таратылды.


Мақтааралдық басшылар рамазан қарсаңында қайырымдылық жасады

Мақтааралда құзырлы орган басшылары игі іске мұрындық болып, рамазан қарсаңында қайырымдылық жасады деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Айлардың сұлтаны саналатын қасиетті Рамазан айының қарсаңында Мақтаарал ауданының әкімі мен аудандық мәслихат хатшысы, аудан прокуроры мен аудандық соттың төрағасы, ҰҚК мен Кеден қызметі жуне әскери комиссариат басшылары «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық ұйымы жанындағы «Мақтаарал баспана» қорымен біргелікте қайырымдылық шарасын өткізді. Аудандағы аз қамтамасыз етілген және асыраушысынан айырылған, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балалары бар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың үйлерін аралап, азық-түлік себеттері мен күнделікті тұтыну заттарын үлестірді. Отбасы мүшелерімен тілдесіп, мұқтаждықтарына құлақ түрді.
Мұндайы қайыры мол шараны тек мерекелік күндерде ғана емес алдағы уақыттарда жыл он екі ай ұйымдастырып өткізуге ниетті екендіктерін айтады ұйымдастырушылар.
«Біз бұл ісіміз арқылы әрбір бай адамның қаражатында кедейдің үлесі бар екенін, көршіңнің аш, сенің тоқ болып отыруыңның хақ дінімізге жат қылық екенін, ақыретте бірінің де есебі бар екендігін жұртшылыққа жеткізгіміз келді», дейді Мақтаарал аудандық сотының төрағасы Құнанбай Мұсаев.