Мақтааралдық кәсіпкер баспана сыйлады

0
2 423

Мақтаарал ауданында меценат-кәсіпкер көп жылдан бері баспанасыз, жалдамалы пәтерде тұрып келген Мамытовтар отбасына баспана сыйлады.


Мақтааралдық кәсіпкер баспана сыйлады

Мақтаарал ауданында кәсіпкер Рамазан айының алғашқы күнінде көп балалы отбасына баспана сыйлады деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мақтаарал ауданында меценат-кәсіпкер көп жылдан бері баспанасыз, жалдамалы пәтерде тұрып келген Мамытовтар отбасына баспана сыйлады.

Отағасы Мұхтар жұмыссыз, ІІ топ мүгедегі болса, жары Ұлдықыз Мырзакент кентіндегі «Абылайхан» жалпы орта мектебінде еден жуушы болып еңбек етеді. Кәмелет жасқа толмаған бес перзенттері бар.

Құрылғанына көп бола қоймаған «Мақтаарал баспана» қоры арқылы баспанаға шын мұқтаж отбасын оразаның алғашқы күнінде қуантуды ниет еткен кәсіпкер Жұмабаев Орынбасар Қаппарұлы мұндай игілікті шараның алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады.

«Бұл бастама тек басы ғана. Біз бүгінде аудан әкімінен бастап барлық ауылдық округтердің әкімдерінен жер учаскелерін сұрап жатырмыз. Учаске беріліп жатса біз үй салып беруге дайынбыз» дейді Мақтаарал аудандық соттың төрағасы, «Мақтаарал баспана» қорының белсендісі Құнанбай Мұсаев.