Мақтааралдық тұрғын генералдың грамотасымен марапатталды

0
606

Нұрсұлтан Көбейұлы ауданда жасалып жатқан әрбір істі халыққа насихаттау ісінде өзіндік үлесін қосып келеді.


Мақтааралдық тұрғын генералдың грамотасымен марапатталды

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының тұрғыны, бейнетаспашы Нұрсұлтан Айназаров Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің грамотасымен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нұрсұлтан Көбейұлы ауданда жасалып жатқан әрбір істі халыққа насихаттау ісінде өзіндік үлесін қосып келеді. Өз мамандығын жетік меңгерген жас маман Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің кез келген қоғамдық жұмыстарына, мерекелік іс-шараларын бейнетаспаға түсіріп, көпшілікке көрсетуде.
Сондай-ақ, түрлі бейне түсірілімдерден роликтер дайындап, полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысын әлеуметтік желілер арқылы көпшілік назарына ұсынып келеді.