Мақтааралдықтар арыстықтарға көмекке аттанды

0
2 731

Арысқа төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мен азаматтық қорғаныс бригадасының 20 мүшесі, ауданның белсенді жастары жолға шықты.


Мақтааралдықтар арыстықтарға көмекке аттанды

Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Мақтааралдықтар көмекке жолға шықты деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасында орын алған апатты жағдайға байланысты Мақтааралдықтар көмекке аттанды. Аудан әкімі Бақыт Асанов бастаған топ құрамында Мақтаарал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мен азаматтық қорғаныс бригадасының 20 мүшесі, ауданның белсенді жастары бар.
Қазірде Арыс қаласы, Монтайтас елді мекеніндегі «Монтайтас» жалпы орта мектебінде орналасқан тұрғындарды жайғастыру орынына Мақтаарал ауданынан 3 автобус, 2 хундай автокөлігі мен жүк тиеуге арналған камаздар, ауыз су мен макарон, картоп, шекер, ақ май мен гигиеналық тұтыну заттарын жөнелтіп отыр.
Алдағы уақытта қажетіне қарай мұндай көмектер қосымша көрсетілетін болады.