​Мәуліт айына арналған салтанатты жиын өтті

0
2 358

Мәуліт – мейрамы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) салауаттар айтып, адамдарға ең ізгі тілектер тілейтін, өкпе, реніш біткеннің бәрі кешіріліп, адамзаттың ниеті ізгілікке, бауырмалдылыққа үндейтін мереке.


​Мәуліт айына арналған салтанатты жиын өтті

фото: ummet.kz

Түркістан облысы, Арыс қаласының орталық «Ысқақ» мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Асылай» салтанат сарайында мұсылман баласы үшін маңызды мейрам Мәуліт мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мәуліт – мейрамы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) салауаттар айтып, адамдарға ең ізгі тілектер тілейтін, өкпе, реніш біткеннің бәрі кешіріліп, адамзаттың ниеті ізгілікке, бауырмалдылыққа үндейтін мереке.
Салтанатты шараны ашқан қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев: «Бүгін әлем халықтарының мұсылмандары тойлайтын ұлы мерекелерінің бірі – екі дүниенің сұлтаны, соңғы Пайғамбарымыз Хазіретті Мұхаммедтің (с. а. у.) туған күні – Мәуліт мерекесін атап өтуге жиналып отырмыз. Қаламыздың барлық тұрғындары мен қонақтарын Мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!», - деп жиналғандарды мерекемен құттықтады.
Түркістан облысының өкіл имамы Мұсабек Ақтамберді және Арыс қаласының бас имамы Абдулкарим Абдулкамалұлы Аллаһ елшісіне салауат жолдау, адамгершіліктің, мейірімділіктің, әділдіктің асқақ үлгісін көрсеткен оның рухани және тұлғалық болмысын құрметтеу, сүннетіне сай ізгі жолын, имани қасиеттері туралы және Мәуліт айының маңыздылығына тоқталды.
Шара барысында Мәуліт дұғасы оқылып, жиылған көпшілік пайғамбарға салауат айтып, діни кітапшалар таратылды.
Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне және зағип жандарға демеушілер тарапынан арнайы сый-сыйяпаттар беріліп, қалалық Мәдениет үйі қызметкерлерінің Мәуліт мерекесіне арналған арнайы бағдарламасымен кеш маңыздылығын арттырды.
Шара барысында көпшілік қауым Мәуліт айының құрметіне арналып жайылған дастарханнан дәм татып, марқұмдарға Құран бағышталып, ризашылық көңіл-күймен тарқасты.