Мектепті жылытпақ болған қызметкер уланып қайтыс болды

0
1 058

Түркістан облысында мектепті жылытпақ болған екі қызметкер уланып, біреуі қайтыс болды.


Мектепті жылытпақ болған қызметкер уланып қайтыс болды

ERNUR.KZ. Оқиға Түркістан облысындағы білім ұяларының бірінде орын алған, деп жазады elitar.kz порталы.

Нақтырақ айтсақ, мектепті сұйық отынмен жылытпақ болған екі жұмысшының бірі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Ал екіншісі оқиға орнында көз жұмған.

Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 8 қаңтар күні сағат 16.00 шамасында орын алған. Шардара ауданындағы жанармай бекетінің екі жұмысшысы мектептің жылу жүйесіне сұйық отын құю үшін келген. Содан, екеуі де отынның иісіне уланып қалады. Аман қалған ер кісінің жағдайын дәрігерлер ауыр деп отыр.

Жағдай туралы: «1993 жылы туған науқас мұнай өнімдерінен токсикологиялық уланудың ауыр түрі және бас миының токсикологиялық ісінуі диагнозымен келіп түсті. Аспирациялық ауру белгісі мен 2-дәрежелі экзотоксикалық есін білмеу байқалып отыр. Жағдайы өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қазіргі таңда токсикологиялық дәрігерлерден кеңес алынып, қажетті емдік шаралар көрсетіліп жатыр», - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі берген ақпаратта.