Мемлекеттік саясатты дұрыс жүргізуге арналған семинар өтуде

0
1 415

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ағартушылық жобасының негізгі ережелерін, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын талқылап, өзара тәжірибе алмасты.


Мемлекеттік саясатты дұрыс жүргізуге арналған семинар өтуде

Жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетуге арналған аймақтық семинар-тренинг басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін Түркістан облысында «Қазақстан өңірлерінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» тақырыбында аймақтық үш күндік семинар басталды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстары және Алматы, Шымкент қалаларының ішкі саясат, дін істері, тілдерді дамыту, жастар саясаты басқармаларының, ҚХА хатшылықтары мен «Қоғамдық келісім» мекемелерінің мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысуда.
Семинар-тренингтің ашылуына қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.
- Бейбітшілік пен тұрақтылықтың арқасында мемлекетіміз талай биік белестерді бағындырды. Қазақстанның берекелі бірлікке негізделген бастамаларын дүниежүзілік қауымдастық жағымды бағалап келеді. Ассамблея маңайына топтасқан этностар елдігімізді танытар талай тірліктің басы-қасында жүріп, өз үлестерін қосуда. Астанадан арнайы келген практик ғалымдар мен кәсіби мамандардан тәжірибе алу, оны жұмысымызда өз деңгейінде ұқсата білудің біз үшін қашан да маңызды деп білемін, - деді өз сөзінде Ұ.Сәдібеков.
Семинар-тренингке лекторлар мен тренерлер ретінде ҚХА өкілдері, ҚР Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері келген. Алдағы үш күнде қатысушылар «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде айқындалған жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті қалыптастыру бойынша міндеттердің мәнін, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI Сессиясы жұмысының қорытындылары бойынша қоғамдық сананы жаңғырту, бірлік пен бірегейлікті нығайту жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру тетіктерін, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ағартушылық жобасының негізгі ережелерін, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын талқылап, өзара тәжірибе алмасатын болады.