"Менің Арысым" атты ән байқауы өтті

0
2 004

​Арыста әнші, сазгер Ержан Серікбаевтың атындағы дәстүрлі "Менің Арысым" атты ән байқауы өтті.


Арыста әнші, сазгер ЕржанСерікбаевтың атындағы дәстүрлі "Менің Арысым" атты ән байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Әнші Ержан Серікбаевты бүгінде білмейтін қазақ баласы жоқ. Оның шырқаған әндері тек Арыс қаласын ғана емес, бүкіл қазақ елін жаңғыртты.

Қазақ эстрадасында өзіндік орны ерекше, халқымыздың өнеріне қайталанбас саз қалдырған әнші, сазгер Е.Серікбаев атындағы ән байқауының мақсаты сазгердің әндерін кеңінен насихаттау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, талантты әншілердің шығармашылығына қолдау білдіру. Байқау ережесіне сәйкес, 12 үміткер бірінші кезеңде Е.Серікбаев әндерін орындаса, екінші кезеңде еркін тақырыпта ән айтты.

Кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасы әрбір қатысушының репертуарына, дауыс ырғағы мен сахна қозғалысына жете мән бере отырып, төмендегіше жүлдегерлер анықталды.
"Бас жүлде" - А.Әбутәліп, І-орын - М.Өтепбай, ІІ-орын - А.Өмірзақ, Е.Жүнісбек, ІІІ-орын - А.Қайтабар. Барлық қатысушылар "Алғыс хаттармен" марапатталды.