Министр Түркістан облысындағы трактор зауытына оң баға берді

0
1 739

«KazKioti» трактор зауытынан трактор алатын шаруаларға «ҚазАгроҚаржы» қаржылық компаниясы арқылы несие беру шаралары қолға алынуда


Министр Түркістан облысындағы трактор зауытына оң баға берді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы «KazKioti» трактор зауытында болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея инженерлерінің үлгісі бойынша трактор құрастырылатын зауыттың өніміне сұраныс жоғары. Қазір осы кәсіпорыннан трактор алатын шаруаларға «ҚазАгроҚаржы» қаржылық компаниясы арқылы несие беру шаралары қолға алынуда. Бұл зауыт толық күшіне енсе, жылына 6 мың трактор құрастыруға қауқарлы. Өмірзақ Шөкеев кәсіпорынның жұмысына оң баға беріп, қажет болған жағдайда мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілетінін айтты. Ордабасы ауданындағы жылыжайлардың жұмысына да жоғары баға берді.

Сонымен қатар Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласындағы Ақдала ауылдық округіндегі, «Жаңа Ақдала» ЖШС-нің егістік алқабын аралады. Бұл кәсіпорында жоғары сапалы томат және алма пастасы өндіріледі. 2700 гектар аумақты алып жатқан кәсіпорын 2009 жылы құрылған. Қазіргі таңда «Жаңа Ақдала» ЖШС-інде 48 адам тұрақты жұмыс істейді. Ал, маусымдық кезеңдерде жұмысшылар саны 200-ге жетеді.