ОАР мен Түркістан облысы арасындағы байланыс нығаяды

0
452

Туризм бағытында әріптестік орнатуға ниетті екенін атап өтті.


ОАР мен Түркістан облысы арасындағы байланыс нығаяды

Түркістанға Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы елшілігінің саяси кеңесшісі Пис Кеннеди жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанға Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы елшілігінің саяси кеңесшісі Пис Кеннеди жұмыс сапарымен келді. Африка құрлығындағы экономикасы дамыған елдің өкілімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров кездесті.


"Сізді Түркістан облысында қарсы алып отырғаныма қуаныштымын. Бүгін екіжақты байланыстарды жан-жақты саралауға мүмкіндік бар. 2018 жылы Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы облыс орталығына айналды. Өңірде 170 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік тіркелген. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында өңірдің әлеуеті жоғары. Соңғы жылдары өңірге 5,8 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Өндіріс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы, туризм салалары бойынша тиімді әріптестік орнатуға мүмкіндік мол. Арнайы экономикалық аймақ пен индустриалды аймақ инвесторларға қолайлы жағдай ұсынады. Осы артықшылықтарды пайдаланып, оңтүстікафрикалық кәсіпкерлермен әріптестік орнатуға дайынбыз", – деді Нұралхан Көшеров.


Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы елшілігінің саяси кеңесшісі Пис Кеннеди ауыл шаурашылығы туризм салалары бойынша ОАР-дың жетістіктері мол екеніне тоқталды. Осы бағытта іскерлік байланыс орнату тиімді болатынын, туризм бағытында әріптестік орнатуға ниетті екенін атап өтті.


Қазақстандықтарды ОАР-ға саяхаттауға шақырды. Бүгінде аталған елдің ішкі жалпы өнімі көлемінде туризм саласының үлесі мол.

ОАР өкілі сонымен бірге, Түркістандағы еркін экономикалық аймақ туралы өз елінің кәсіпкерлеріне ақпарат беретінін жеткізді. Сондай-ақ кездесуде Пис Кеннеди Түркістандағы бір көшеге Нельсон Манделаның, ал ОАР-дағы бір көшеге Әбу Насыр Әл-Фарабидің атын беру жөнінде ұсынысын айтты.