​Облыс әкімдігі мен басқармалар күзде көшеді

0
2 021

Шілде, тамыз айларында әкімдікке қарасты мекемелер мен мәслихат аппараты орналасатын ғимараттар дайындалады.


​Облыс әкімдігі мен басқармалар күзде көшеді

Түркістан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығы мен басқармалардың Түркістан қаласына 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап көшетінін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Тұркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бүгінгі таңда Түркістан қаласына көшуге дайындық жұмыстарының қызу жүріп жатқандығын жеткізді. Ол үшін шілде, тамыз айларында әкімдікке қарасты мекемелер мен мәслихат аппараты орналасатын ғимараттар дайындалатынын атап өтті. Облыс әкімі жоғарыда аталған жұмыстарды бірлесе ұйымдастырып, Түркістан қаласына көшуге біркісідей атсалысуға шақырды.