Облыс әкімі байланыс және ақпарат саласының қызметкерлерін құттықтады

0
2 928

Түркістан облысының әкімі байланыс және ақпарат саласының қызметкерлерін құттықтады.


Облыс әкімі байланыс және ақпарат саласының қызметкерлерін құттықтады

ERNUR.KZ.Түркістан облысының әкімі байланыс және ақпарат саласының қызметкерлерін құттықтады.

ҚҰРМЕТТІ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңіз – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Бүгінде журналистика саласына артылар міндет пен жүк жеңіл емес. Еліміздің журналистер қауымы заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқарып жүр. Мемлекетімізде баспасөз бен тележурналистика, ақпараттық сайттар заман талабына сай түрленіп, қоғамға қажетті маңызды ақпараттарды уақтылы таратып келеді. Елді игі іске жұмылдырып, берекені арттырып, татулықты нығайтуда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қашанда жоғары.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір сөзінде «Біз баспасөз еркіндігін қалыптастыру арқылы сөз бостандығын баянды еттік» деп айтқанын білесіздер. Демократиялық жолды таңдауының арқасында мемлекетіміз биік белестерді бағындыруда. Ал, бұл рете билік пен халықтың арасындағы алтын көпір болып жүрген Сіздердң еңбектеріңіз мол. Бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық салалардағы өркенді өзгерістердегі алатын орны мен атқарған қызметі айрықша.

Сіздер Президентіміздің жасампаз идеяларының төңірегіне қоғамды топтастырып, ұлтты ұйыстыруға зор үлес қосып келесіздер. Қандай да бір ақпарат көзінің сөзі - қоғамдық пікір қалыптастырудың темірқазығы іспетті. Осы бағыттағы жұмыстарыңыз еселеніп, табысты да жемісті еңбектеріңіз еленіп, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көріне беріңіздер.

Биыл баршамыз Елбасы Жарлығымен Түркістан облысының құрылғанына, Шымкен қаласына республикалық мәртебе берілгеніне куә болдық. Сонымен қатар, Мақатаарал мен Сарыағаш аудандарын екіге бөліп, жаңа аудандардың құрылғанын жарияладық. Ендігі кезекте Сіздерді Түркістан облысының да дамуына аянбай атсалысады деп сенемін.

Қымбатты қаламгерлер!

Сіздерге еселі еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіре отырып, баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен шалқар шабыт тілеймін.

Құрметпен,

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев