​ОҚО әкімі қызметкерлерге халық көңілінен шығатындай қызмет етуді тапсырды

0
1 431

Орталықта халыққа жайлы жағдай жасалған.


​ОҚО әкімі қызметкерлерге халық көңілінен шығатындай қызмет етуді тапсырды

ERNUR.KZ. Бүгін «Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің жаңа форматтағы жұмысымен танысу шарасы болып өтті. Аталмыш іс шараға ОҚО-ның әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Елбасымыздың 2018 жылғы 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында адамдардың өзі қалаған мамандығы бойынша жұмыс істеуінежағдай жасау керек екеніне ерекше тоқталған болатын. Жаңадан ашылған ғимаратта «жұмыспен қамту және әлеуметтік қызмет түрлерін бір терезе қағидасы» бойынша қызмет көрсету үшін Халықты жұмыспен қамту орталығы, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімі, Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы ОҚО бойынша филиалы халыққа жұмыс жасайтын болады. Жаңа цифрлы жұмыс ғимаратымен толық танысып шыққан ОҚО-ның әкімі Жансейіт Түймебаев қызметкерлерге халық көңілінен шығатындай қызмет көрсетуді тапсырды.

Орталықта ҚР-ның Заң нормаларымен белгіленген 23 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді: АХАТ саласы бойынша; жазасын өтеген және мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жүргізу; әлеуметтік көмектерді, жәрдемақыларды тағайындау және төлеу;аз қамтылған азаматтармен, ардагерлермен және зейнеткерлермен жұмыс жүргізу.

Цифрлық форматтағы жұмыстарға мыналар жатады: электронды анықтама, өз-өзіне қызмет көрсету аймағы, Call center, цифрлы кабинет.

Орталықта халыққа жайлы жағдай жасалған. Атап өтсек: цифрлы құрылғылар, күту орындары, асхана, балаларға арналған ойын алаңы.

2018 жылдың жылдық жоспарына сәйкес, қала халқының 3359-ға жуығы жұмыспен қамтамасыз етіліп, 1154 жас түлек – жастар практикасына жолдама алады, 852-ге жуық азамат қоғамдық жұмыспен қамтамасыз етілді, 302 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2018 жылы 1760 азаматқа жолдау беру жоспарланып, 23 оқу орнына 42 мамандық бойынша 1580 жұмыссыз азаматтар жіберілді.