ОҚО әкімі Шымкентті дамыту бойынша 20 негізгі жобаны жүзеге асыруды тапсырды

0
1 124

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев 2017 жылы атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп берді. Есепті кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Жансейіт Түймебаев пен Президент əкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Мұрат Имандосов қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің бапасөз қызметі

«Шымкент қаласының тұрғындары облыс халқының үштен бірін құрайтындықтан мұнда жер қатынастары, тұрғын үй, қоғамдық көлікке қатысты мәселердің көп екені анық. Оның барлығы да кезең-кезеңімен шешілетін болады. 2014 жылы қалаға 70 мың гектар жер қосылып, аумағы 117 мың гектарға жетті. Қалаға қосылған елді мекендерді ретке келтіру жұмыстары жыл сайын жүргізіліп келеді. Сіздерде өз тараптарыңыздан аулаларыңызды көріктендіріп, үйлерді әрлеу сынды жұмыстарды жүргізуде белсенді болуларыңызды сұраймын. Бірге әрекет етсек қана тұратын жерімізді көркейтіп, Шымкентімізді жасыл қалаға айналдыра аламыз. 2020 жылы біздің қала ТМД елдерінің мәдени астанасы атанады. Қазірдің өзінде осы бағытта жұмысты бастап кеттік. Енді оған шаһардың әр тұрғыны да өз үлесін қосуы тиіс»,-деді Ж.Түймебаев.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Ж.Түймебаев Елбасы Жолдауындағы басымдықтарды басты бағытқа ала отырып жұмыс жүргізуді қала басшылығына тапсырды.

Облыстың жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізуінде Шымкент қаласының үлесі ерекше екенін айтқан аймақ басшысы қала өз потенциалын дұрыс пайдаланып келетінін жеткізді. Сонымен бірге әкім алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар көп екенін атап өтіп, келесідей міндеттерді жүзеге асыруды тапсырды.