ОҚО: Батыс Еуропа-Батыс Қытай күре жолына қызмет көрсету орталықтары салынады

0
1 280

​Ордабасы ауданындағы Батыс Еуропа-Батыс Қытай күре жолының бойында жолаушыларға қызмет көрсету орталықтары бой көтермек,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


ОҚО: Батыс Еуропа-Батыс Қытай күре жолына қызмет көрсету орталықтары салынады

Ордабасы ауданындағы Батыс Еуропа-Батыс Қытай күре жолының бойында жолаушыларға қызмет көрсету орталықтары бой көтермек,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жергілікті сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы қала құрылысы кеңесінің кезекті отырысында тың жобаларды таныстырды. Алдымен аукцион арқылы сатылған жерлерге түскен ұсыныстар жөнінде айтып өткен аудан әкімі Рашид Қайыпжанов аукционға қойылатын жерлердің нысаналы мақсаты мен орналасу заңдылығына мұқият болуды тапсырды.

- Барлық ауылдың бас жоспарын жасау барысында елді мекеннің өсу динамикасы міндетті түрде есепке алынуы қажет. Бүгін түрлі нысандар үшін жерді оңды-солды үйлестіріп алып, ертеңгі күні әлеуметтік нысандарға жер таба алмай отырмаңыздар, - деп ескертті аудан басшысы өз сөзінде.

Жиын барысында кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, сәулеттік сызбаға орай өз ұсыныстарын жеткізді. Аудандағы бірқатар ауылдық округтерге абаттандыру жұмыстарына дайындық пысықталды.