ОҚО: Бұрынғы бас идеолог сот залынан босатылды

0
1 684

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Төлегенге қатысты сот шешімі шықты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


ОҚО:  Бұрынғы бас идеолог сот залынан босатылды


Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Төлегенге қатысты сот шешімі шықты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы, Абай аудандық сотының 14 наурыздағы үкімімен өңірдің бұрынғы бас идеологын ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 1-бөлігі, 3-тармағына сәйкес кінәлі деп таныды. Оған алған парасының 70 еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 42 млн теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 62-бабының 6-бөлігіне сәйкес Болатбек Төлегеннің 2017 жылдың 6 қазан мен 2018 жылдың 14 наурыз аралығында тергеу изоляторында қамауда отырған уақыты, бас бостандығынан айырудың бір күніне төрт айлық есептік көрсеткіш есебімен тағайындалған жаза есепке алып, оған мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда басқару қызметтерін атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 40 547 840 теңге мөлшерінде айыппұл салу жазасы тағайындалды. Бұрынғы шенеунікке сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін салынған айыппұлды төлеуге бір ай мерзім уақыт берілді. Егер төлеуден жалтарған жағдайда жаза түрі бас бостандығынан айыру түріне ауыстырылатын болды.

Ақпарат ретінде айта кетейік, өткен жылдың қазан айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. Оған қызметін асыра пайдаланды деген айыппен 2,1 млн теңге пара алды деген кінә тағылды.