ОҚО-да 42 жастағы әйелді жүк пойызы қағып кетті

0
1 217

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға «Манкент-Ынтымақ » теміржолының 3320 шақырымында болған.


ОҚО-да 42 жастағы әйелді жүк пойызы қағып кетті

фото: inform.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында 42 жастағы әйелді пойыз қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға «Манкент-Ынтымақ » теміржолының 3320 шақырымында болған. «Арыс стансасынан Тараз қаласына бағыт алған №2804 жүк пойызының астына 1976 ж.т. О.М.Нишанбаева түсіп кеткен. Салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болған. Аталған оқиғаның басқа поездардың қозғалысына әсері болған жоқ. Тергеу жүмыстарын Шымкент стансасының желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жүргізуде» делінген хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін «Манкент-Састөбе» теміржол стансасының 3319-шақырымында ер адам мен бір бойжеткенді де жүк пойызы қағып кетіп, көз жұмған еді.