ОҚО-да ақ барыстың адамға жақындаған алғашқы жағдайы тіркелді (видео)

0
3 149

ERNUR.KZ. Бүгін таңертең Шымкенттен 55 шақырым жердегі Өгем жотасындағы Науытсай аңғарына ақ барыс (қар барысы) келді. «Алтын дән» демалыс аумағының өткізу бекеті жанынан тауға қарай жүріп өткен түз тағысын күзетші бейнекамераға түсіріп үлгеріпті.


ОҚО-да ақ барыстың адамға жақындаған алғашқы жағдайы тіркелді (видео)

ERNUR.KZ. Бүгін таңертең Шымкенттен 55 шақырым жердегі Өгем жотасындағы Науытсай аңғарына ақ барыс (қар барысы) келді. «Алтын дән» демалыс аумағының өткізу бекеті жанынан тауға қарай жүріп өткен түз тағысын күзетші бейнекамераға түсіріп үлгеріпті. Оған қоса барыс бейнебақылау камерасына да түсіп қалған. Ақ барыстың бұлай адамға жақындауы өте сирек кездесетін құбылыс. Мысық тұқымдас жануардың бұл түрі адамдардан алыс, көзден таса жерлерде тіршілік етеді. Ақ барыстың адамдарға жақын келгеніне не себеп болғаны белгісіз.

Бүгінде, Қазақстанда ақ барыстың небәрі 130 түрі тіркелген. Жойылып кетуге аз-ақ қалған жануарды қорғауды 12 мемлекет (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Манғолия, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Непал, Бутан) бірлесе қолға алған.