ОҚО-да «IT PARK» жас программистер мектебі ашылды

0
2 034

Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығында «IT PARK» жас программистер мектебі ашылды. Жоба Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы мен «Цифрлық Қазақстан» мемлкеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.

-Біздің зерттеу бойынша бүгінгі таңда өңірдегі жастардың ақпараттық технология саласына қызығушылығы артып келеді. Осы талантты жастардың басын бір арнаға тоғыстырып орталық ашсақ деген болатынбыз. Бұл «IT park»-тың басты мақсаты – облыс жастарының цифрлық сауатын арттыру. Одан бөлек, егер осы мектепті оқып бітірген жастар жобасын ұсынып жатса, біздің тарапымыздан қаржылай қолдау көрсетуге дайынбыз,-дейді жоба үйлестірушісі Азиз Есжанов.

Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар мен өзіне сенімді, талапшыл 14-29 жастағы 700-ге жуық жастар аталған мектепке оқуға өтініш білдірген. Алдағы уақытта жобаға қатысушыларды 4 кезең бойынша іріктеп, үздік 25 оқушыны қалдыратын болады. Бұл оқушылар 3 айлық арнайы курсты тегін оқиды. Курста модельдеу, сматрфондарға арналған қосымшаларды іске қосу, сайт ашу т.б сабақтар бойынша білімін жетілдірмек.

Жоба үйлестірушінің айтуынша, бүгінде 5 мобильді қосымша әзірленген. Олар жақын күндері смартфондарға арналған сатылым алаңына енетін болады. Жыл соңына дейін жалпы 10 жоба әзірлеу жоспарланған.