ОҚО-да суретші Мұхтар Бекеновтің жеке көрмесі ашылды

0
4 219

ERNUR.KZ. ​Шымкенттегі М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Əлем халықтар өнері қауымдастығына еңбек сіңірген суретші Мұхтар Бекеновтің «АRT QUEST» жеке сурет көрмесі ашылды.


ОҚО-да суретші Мұхтар Бекеновтің жеке көрмесі ашылды

ERNUR.KZ. Шымкенттегі М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Əлем халықтар өнері қауымдастығына еңбек сіңірген суретші Мұхтар Бекеновтің «АRT QUEST» жеке сурет көрмесі ашылды.

Көрмеге қойылған 100-ден туынды ғұмыр тарихын көзге көрінбес нəзіктікті жүрекпен ұғынып шығармашылық тілімен бейнелеген айрықша қасиетімен баурайды. Әсіресе, «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» , «Мойынқұм», «Бексейіт Түлкиев», «Қасқасу өзені», «Жазғы жаңбыр» атты туындылар көпшілікке ерекше əсер сыйлап, суретпен пен суретші арасындағы сырлас байланыстар бірден аңғарылады.

Мұхтар Бекеновтің жеке сурет көрмесі «Жеті Асар» атауымен бұған дейін Шымкент қаласында үш рет ұйымдастырылған. Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей, Германия, Қытай елдерінде де төл туындылары орналастырылған. Алдағы уақытта, «ART QUEST» көрмесін Астана жəне Алматы қалаларында өткізу жоспарлануда.