ОҚО-да "Үздік оқырман отбасы" жобасының ашылу салтанаты өтті

0
4 070

​ERNUR.KZ​. Сайрам ауданында Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Үздік оқырман отбасы" жобасының ашылу салтанаты өтті-,деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


ОҚО-да

ERNUR.KZ. Сайрам ауданында Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен "Үздік оқырман отбасы" жобасының ашылу салтанаты өтті-,деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оқырман мен кітапхана байланысын нығайтып, рухани байлықты арттыруға септігі мол жобаның ашылу салтанатына қатысқан Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі Марин Ільяс Оңалбайұлы игілікті шарамен құттықтап, қазақтың салт-дәстүріне сай Ақсукент ауылының бір жасар тұрғыны Пірімбетов Мейрасханның тұсауын кессе, қариялар бата беріп, ақ кимешекті әжелер шашу шашты.
Ұлт дәстүрі насихатталып, ата жолының үлгісі дәріптелген жиын Сайрам ауданындағы төрт отбасының білім мен өнерін сарапқа салған байқауына ұласты.
Рухани құндылыққа бай сайысқа "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Айдарбекова, облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры ЗәкираПарымбекова, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Зоя Бегежанова қазылық жасап, бағасын берді.

Жобаның мақсаты- Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" мақаласын кеңінен насихаттап жүзеге асыру, ата-аналар мен балаларды қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр туралы білімдерін жаңғырту. Оқырмандарға қазақ әдебиеті мен әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу.Оқуды жандандыру жөніндегі бағдарламаны дамыту, сауаттылық пен оқу мәдениетін қолдау, рухани мұраны сақтау, балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімін ояту.
Байқау шартына сәйкес таныстыру, қазақтың салт-дәстүр үлгілерін көрсетуге арналған үй тапсырмасы, кітап және ұлттық құндылықтар аясындағы тосын сұрақтарға жауап берген барлық отбасы мүшелері ұлттық киім үлгісімен де көрермен ықыласына бөленді.
Әр кезеңнің орындалу деңгейін сараптай келе қазылар алқасы Тілемісовтар отбасын жеңімпаз деп тапты. Сондай-ақ, Бестібаевтар отбасы "Кітапқұмар отбасы" номинациясымен, Наурызбаевтар отбасы "Ынтымақты отбасы" номинациясымен, Рысқұловтар отбасы "Өнерлі оқырман отбасы" номинациясымен марапатталды.
Байқауды "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Смайылханқызы қорытындылап, әрбір отбасының сахнадағы тіл мәдениеті мен өзін-өзі ұстау, салт-дәстүрді насихаттау деңгейі жөнінде талдай келе сайысқа қатысушылардың бәрі де жоғары дәрежеде өнер көрсеткеніне алғысын білдірді.
Ал Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Зоя Оралбайқызының айтуынша, байқау алдағы уақытта облысымыздың барлық аудан, қалаларында жалғасатын болады. Сондай-ақ, ол күштеп емес, ерікті түрде жас буындардың кітап әлеміне қызығушылығын арттыру екенін айтты.