ОҚО-да жол сапасына салғырт қарағандарға 8,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

0
960

Жұмысты сапасыз әрі мерзімінен кешіктірген 9 мердігер, 4 жобалаушы және 4 техникалық қадағалаушы мекемеге 8,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Және соның жартысына жуығы бүгінде өндіріліпті.


ОҚО-да жол сапасына салғырт қарағандарға 8,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Оңтүстік Қазақстан облысында жол жөндеуге салғырт қарағандар анықталды. 24.kz

Жұмысты сапасыз әрі мерзімінен кешіктірген 9 мердігер, 4 жобалаушы және 4 техникалық қадағалаушы мекемеге 8,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Және соның жартысына жуығы бүгінде өндіріліпті. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мәлімдеді. Өңірде былтыр 19 көпір жөндеуден өткен. «Биыл да жол құрылысы қарқын алғалы тұр», – дейді жауапты тұлғалар. Нұрлан Байғұт, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: - 2018 жылы қаралған қаржы – 38,8 млн теңге. 2017 жылмен салыстырған кезде 42 пайызға артып отыр. Ол қаржыға 583 нысан, 1576 шақырым жолдар мен ішкі көшелер жөнделетін болады.