ОҚО-дағы басқарма басшылары 77 азаматтың арыз-шағымын тыңдады

0
1 246

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің басқарма басшылары «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Жаңа форматта өткен кезекті шараға облыстағы бес басқарманың басшылары қатысты.


ОҚО-дағы басқарма басшылары 77 азаматтың арыз-шағымын тыңдады

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің басқарма басшылары «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Жаңа форматта өткен кезекті шараға облыстағы бес басқарманың басшылары қатысты.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мен Еңбек инспекциясы жөніндегі, Жер қатынастары мен Жер инспекциясы, Отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі басқармасының өкілдері тұрғындардың арыз-шағымдарын тыңдады. Қордаланған мәселелерді шешу үшін билік пен бұқара арасында ашық диалог орнату жөніндегі облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылған қабылдауға түрлі түйткілдерімен 77 азамат келді. Басым бөлігі жеке мәселелерін ортаға салды. Көпшілігі жер және жұмыссыздық мәселесін көтерді. «Алдыңғы шаралармен салыстырғанда соңғыcына шағымданушылар біршама көбірек келді. Жер инспекциясы мен Жер қатынастары басқармасына 40-қа жуық азаматтың арызы тіркелді. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 16, Отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі басқармаға 12, ал Еңбек инспекциясы басқармасына 10 адам келіп мәселесін шешіп беруді өтінді», - дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Берік Құлжанов.

Айта кетейік, бұл облыс әкімінің тапсырмасымен өткізіліп отырған төртінші қоғамдық қабылдау. Бүгінге дейін 18 басқарма басшылары азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдады. Жаңа форматтағы келесі шара 8 ақпанда өтеді деп жоспарлануда. Ендігі кезекте тұрғындар экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы, Мемлекеттік сатып алу, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты арыздана алады.