ОҚО-дағы сел қауіпті аймақтарды облыс әкімі бақылауға алды

0
1 811

Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербисов және оның орынбасары полковник Ерғали Бахаев 2018 жылғы 19 наурызда облыс аумағындағы сел қауіпті учаскелеріне әуеден көзбен шолу зерттеуді жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ІІМ ТЖ комитетіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда облыстың сел қауіпті аумағында 4 аудан және 1 қала орналасқан. Сондай-ақ, Ақсу, Бадам, Сайрам су, Балдыберек, Өгем, Жабағылы су өзендерінің бассейіндері сел қауіпті деп саналады. Бұл мәселені Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев тікелей бақылауға алған. Айта кететін жағдай, 2017 жылы облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, қауіпті учаскелерді анықтап, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды алдын алып, жедел түрде шаралар қабылдау үшін 11 рет әуеден көзбен шолу жұмыстары жүргізілген.

Департамент басшылары облыс аумағында сел қауіпті кезең мамыр айының соңында бастау алатындығын ескеріп, Төлеби, Түлкібас аудандарындағы Қаржантау және Майдантал таулы жоталарының қар қорына және таудан бастау алатын су, сел қауіпті бассейіндік өзендердің жағдайына әуеден көзбен шолуды жүргізді. Бұл іс-шараға облыстық бюджеттен қаржылай қолдау көрсетіліп отыр.

Сел қауіпті учаскелерде халықты құлақтандырып, сел тасқыны туындау кезеңінде олардың іс-қимылдарын қалыптастыру үшін үгіт-насихат жүмыстары да белсендетілген. Ауылдық округтерінің әкімдеріне, ұйымдардың, оқу орындардың басшыларына, жеке тұрғын үйлердің иелеріне, сел тасқыны әсер ететін аймақта орналасқан шаруашылық объектілері мен мекемелерге хабарламалық нұсқаулықтар, жаднамалар таратылуда.

Зерттеу барысында жалпы таулы аймақтарындағы 42 мұздық көлдерден сел қаупі анықталған жоқ.