ОҚО: «Əзірет Сұлтан» музейі түркістандық этностардың басын қосты

0
1 662

Оңтүстікте бастау алған 1 наурыз «Алғыс айту күні» онкүндігіне орай Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Түркістан тарихы» музейінде «Алғыспенен ел көгерер» тақырыбында кездесу өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


ОҚО: «Əзірет Сұлтан» музейі түркістандық этностардың басын қосты

Оңтүстікте бастау алған 1- наурыз «Алғыс айту күні» онкүндігіне орай Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Түркістан тарихы» музейінде «Алғыспенен ел көгерер» тақырыбында кездесу өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кездесу барысында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері түрлі ұлттан құралған "Достық" ән-би композицияларын орындап ұлттар арасындағы берік ынтымақты өнер арқылы дəріптесе, бас қосудағы өзге де концерттік бағдарламалар жиын мазмұнын ашты.

Кездесуге қатысқан Өзбек мәдени орталығы директорының орынбасары Ә.Қошқаров «Қазақ халқы қиын-қыстау заманда Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностар басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, қазақ халқына алғысымыз шексіз...» деп, өз алғысын білдірді.

Жиында сөз алған П.Досыбеков "Алғыс айту күні" – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күнімен барша қазақстандықтарды құттықтады.