Өмірзақ Шөкеев халықаралық бақылаушылармен кездесті

0
1 230

Кездесу барысында елімізде өтетін сайлау науқаны жайында сөз қозғалды.


Өмірзақ Шөкеев халықаралық бақылаушылармен кездесті

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті сайлауына байланысты Түркістан қаласына келген халықаралық бақылаушылар Дмитрий Глайдей мен Роман Амбурцевпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Екі жақты кездесу барысында сайлау науқанының әділетті, ашық әрі айқын болуы қозғалды. Бұл тұрғыда тәуелсіз бақылаушылар науқан барысында әрбір сәтті мұқият қадағалайтындарын жеткізді.

Өз кезегінде облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы сайлауға байланысты өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«ҚР Президенті сайлауына өңір тұрғындары белсенді түрде қатысады деп жоспарлап отырмыз. Халықты хабарландырып, белсенділігін арттыру үшін барлық жұмыстар жүргізілуде. Түркістан облысында 13 аудан, 3 қала, 177 ауыл округі мен 833 елді мекен бар. Облыста жалпы 1 млн. 977 мың адам болса, оның 1 млн. 187 мыңы дауыс бере алады. Учаскелік сайлау комиссияларының саны – 889. Сондай-ақ, сайлаушыларға ыңғайлы болуы үшін барлық аудан, қалаларда «call-орталықтар» жұмысын бастады», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Өңір басшысы маңызды саяси науқанды жауапкершілікпен атқаруға дайын екендіктерін жеткізді.