Өмірзақ Шөкеев Мақтааралдағы жаңа жобалармен танысты

0
444

Түйткілдерді шешу ісін күшейтуді тапсырды.


Өмірзақ Шөкеев Мақтааралдағы жаңа жобалармен танысты

Өмірзақ Шөкеевке Мақтаарал ауданындағы жаңа жобалар таныстырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Өмірзақ Шөкеевті Мақтаарал ауданындағы индустриялды аумақта жүзеге асатын жаңа жобалармен таныстырды. Мұнда мақта талшығын өңдеу, темірбетон өңдеу, мақта майын өңдеу, баламалы гибридті электр станциясы, жұмыртқа өнімдерін өндіру орындары іске қосылуда. Сондай ақ элиталы мақта сорты таныстырылды. Мақтааралдық мақта тұқымы – зиянкестерге төзімді әрі экономикалық тиімді.


Сонымен бірге, өңір басшысы «Huayi International Cotton Co., Ltd» мақта зауытының құрылыс аумағында болды. Сонымен бірге Атакентте болып, шаруалармен «Еспол» ЖШС-не қарасты диірменді іске қосу барысын талқылады.


Сондай-ақ, облыс әкімі 4 гектар жерде 100 адамды жұмыспен қамтып отырған «Хамро ата» шаруа қожалығының жылыжайында болды. Шаруа бақша дақылдарын өсіріп, табысын арттыруға бел буған. Оңтүстік аумақтарда жаңа жұмыс орындарын ашудың үлгісін көрсетуді ұсынған облыс басшысы жылыжай санын арттыру арқылы өзін-өзі қамтитын және өзгеге жұмыс тауып беретін азаматтардың артатынын айтты.


Өмірзақ Естайұлы Мырзакенттегі орталық саябақтың жай-күйін бағдарлады. Бұл саябақты қалпына келтіру қажет. Мәселе зерделеніп, тиісті шешім қабылданатын болды. Құрылысқа қажетті қаражат бөлінбек. Жалпы жұмыс сапары барысында облыс басшысы жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын дамыту бағытында сала мамандарымен ақылдасты. Осы түйткілдерді шешу ісін күшейтуді тапсырды.