Өмірзақ Шөкеев Үкіметтен Арыстағы коммерциялық нысандардың мәселесін шешуді сұрады

0
951

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкімет отырысында онлайн режимінде баяндама жасады.


Өмірзақ Шөкеев Үкіметтен Арыстағы коммерциялық нысандардың мәселесін шешуді сұрады

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Үкіметінің отырысында Арыс қаласындағы білім беру ұйымдарының дайындығы жайында баяндады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында 2019 жылғы қаңтар–шілдедегі ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің орындалуы қаралды, сондай-ақ жаңа оқу жылының басталуына дайындық мәселелері талқыланды.

"24 маусым күні Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдан кейін білім беру нысандары зардап шеккен. Атап айтқанда 53 нысанның ішінде 16 мектеп, 6 мемлекеттік және 31 жекеменшік балабақша бар. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, ғимараттардың шатырлары -100%, терезелері мен есіктері - 100%, сыртқы қабырғалар сылағы - 85%, ішкі сылақтары -70%, едендердің ауыстыру жұмыстары - 85%, абаттандыру жұмыстары - 60%, жылу жүйесін ауыстыру - 100%, спорттық алаңдарды жаңарту жұмыстары - 80%-ға орындалып отыр. 16 мектептің 7-уі 90-%, 8-і 80-% және 1 мектеп 70-% біткен. Балабақшалардың жұмыстары аяқталуда. 4 балабақша жұмыстары толығымен бітсе, жақын арада қалғандары пайдалануға беріледі", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Сонымен қатар, облыс басшысы 450 млн. теңгеге мектеп жиһаздары мен жабдықтарын сатып алуға «Самрұқ қазына» қоры арқылы қаржыландыру көздерінің табылғандығын, сондай-ақ 14 тамыздан бастап парталар алынып келетіндігін және барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарын, жаңа жиһаздар мен жабыдықтарды орнату 20 тамызға дейін бітуі тиіс екендігін жеткізді.

Осы тұста Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнен Арыс қаласындағы коммерциялық объектертердің мәслесін жеткізді.

"Бізді алаңдатып отырған бір-ақ мәселе бар. Арыс қаласына байланысты. Ол мына коммерциялық объекттер. Кеше біз оған разбор жасадық, сонда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының айтуынша қазір 506 нысан бар, оның 333-і келісім-шартқа отырылады, бірақ қаржы тапшылығы өте үлкен. 3 млрд. теңгедей қаржы тапшылығы бар сол жерде. Соған ықпал жасауыңызды сұраймыз. Басқа мәселелердің бәрі шешіліп жатыр", - деді деді Өмірзақ Шөкеев.