Өмірзақ Шөкеевтің қабылдауына келген тұрғындардың мәселесі шешімін тапты

0
122

Жүзге жуық азамат көкейінде жүрген өзекті мәселенің шешімін тапқаны үшін аймақ басшысына алғыстарын білдірді.


Өмірзақ Шөкеевтің қабылдауына келген тұрғындардың мәселесі шешімін тапты

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жеке қабылдауына келген әр азаматпен жүздесіп, өтініштерін тыңдады. Жеке бастарына қатысты мұң-мұқтаждары мен өңірге ортақ әлеуметтік мәселелерді жеткізе келген тұрғындар аймақ басшысынан тікелей жауап ала алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс басшысы заң аясында жауап беріп, аудан, қала әкімдері мен тиісті басқарма басшыларына әлеуметтік мәселелердің түйінін шешуді тапсырды. Халық үні тыңдаусыз қалмады. Жүзге жуық азамат көкейінде жүрген өзекті мәселенің шешімін тапқаны үшін аймақ басшысына алғыстарын білдірді. Өмірзақ Шөкеев қабылдауына келген азаматтардың өтініш-тілектерінің басым бөлігін сол мезетте-ақ шешті.

Қоғамдық қабылдауға келген қария Өмірзақ Шөкеевке ақ батасын берді. 90-ды алқымдаған ақсақал аймақ басшысының облыста атқарып жатқан ерен еңбегін ел елейтінін жеткізді. Елтай Бимаханбетұлы өзі тұрып жатқан Шорнақ елді мекенінің кезінде аудан орталығы болғанын, сол үшін Түркістан ауданын құрып, Шорнақ елді мекенін аудан орталығы ету жөніндегі ұсынысымен келді. Аймақ басшысы аталған мәселенің зерттеп-зерделеуді қажет екенін айтты.

Түркістан қаласының тұрғыны Раиса Шакирова тоқырау кезінде істен шыққан орталық моншаның қайта іске қосылуына көмек сұрады. Ол үшін қала шетінде орналасқан аумаққа көгілдір отын жеткізу керек. Өмірзақ Естайұлы биыл шаһар толық газбен қамтылатынын, ал әр үйге қосылуды тұрғындар өздері қолға алу керектігін айтты.

Жеке қабылдауға келген Арайлым Жайынбаева өзінің де, жұбайының да тұл жетім екенін айтып, жақында баспаналы болғаны үшін облыс әкіміне ризашылығын жеткізді. 4 баланың анасы үйінің жанында орналасқан жаңа мектептен жұмыс сұрап келді. Мамандығы – мұғалім.

Бәйдібек ауданынан келген бір топ азамат облыс басшысынан мал жайылымы үшін жер сұрап келді. Және шағын ауданға күндізгі стационар салуды өтінді. Тұрғындар көкейін кернеген сауалдарға нақты жауап алды. Жеке қабылдауға келген азаматтардың көкейін кернеген мәселелер оң шешімін тапты.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет