Оңтүстікқазақстандықтар «тазалық» күнін өткізді

0
1 412

​Оңтүстікқазақстандықтар «Тазалық» күнін атап өтті. Бұл мереке облыс әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасымен қолға алынған 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңындағы онкүндік шарасы аясында ұйымдастырылып отыр,-деп хабарлайды ERNUR.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оңтүстікқазақстандықтар «тазалық» күнін өткізді

Оңтүстікқазақстандықтар «Тазалық» күнін атап өтті. Бұл мереке облыс әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасымен қолға алынған 1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңындағы онкүндік шарасы аясында ұйымдастырылып отыр,-деп хабарлайды ERNUR.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласындағы дендросаябақта өткен жалпыхалықтық сенбілікке этномәдени бірлестіктердің мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен жастардан құралған жалпы 500-ден адам қатысты. Бір сөзбен айтқанда, осынау игілікті шарадан өңір тұрғындары шет қалмай қуана кірісті.

«Ортақ Отанымыздың таза, әдемі болуына және гүлденуіне, көркейуіне үлес қосу әр азаматтың парызы деп санаймын. «Тазалық» күні аясында өңіріміздегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері қолымызға тырма алып, көпшілік демалатын саябақта тазалық жұмысына атсалыстық. Тазалықпен қатар халықты ынтымаққа үндейтін бүгінгі шараның мән-маңызы зор», – дейді сенбілікке қатысқан облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрғасы Заал Бочоришвили.

«Ауласы тазаның ауасы таза», «Чистый двор, чистая улица» ұранымен өткен сенбілікте өңірдегі барлық аудан қалалардың саябақтары, гүлзарлары, аулалары, көшелері мен арық-атыздары тазартылды. Елдімекендерді жасыл желекке айналдыру мақсатында түрлі ағаштар отырғызылды.

Айта кетейік, өңірімізде жаңа сипатта әрі жаңа мазмұнда бастау алған онкүндік мерекелік шарасы 27 ақпанда «Өлке тану» күнімен жалғасын табатын болады.