Оңтүстікте 30 күнде 7 жеңіл көлік өртеніп кеткен

0
1 069

Мамандардың дерегінше негізгі себеп жүргізушілердің салғырттығы. Соның бір дәлелі, қаңтар айында қалаға қатынайтын №20 автобустың өртенуі.


Оңтүстікте 30 күнде 7 жеңіл көлік өртеніп кеткен

Мамандардың дерегінше негізгі себеп жүргізушілердің салғырттығы. Соның бір дәлелі, қаңтар айында қалаға қатынайтын №20 автобустың өртенуі. Төтеншеліктер мұндай жағдайлар былтырғы жылы облыста болмағанын айтады. Автокөлік жүргізушілері түсіндірме жұмыстарынан біраз мәліметтерге қанықты. Автокөліктердің өртенуі қыс мезгілінде жиі орын алады екен. Себебі бұл мезгілде көліктерге ауырлық көп түседі. Ауа-райының қолайсыздығынан тұрғындар темір тұлпарын қыздыруға мәжбүр. Сондай-ақ, бензиннің дұрыс құйылмауынан да өрт оқиғалары жиі кездеседі.