ОҚО-да «Автоураган» кешені көмегімен миллиард теңгеден астам айыппұл өндірілді

0
1 042

2018 жылдың басынан бері тәртіп сақшылары «Автоураган» кешені көмегімен айыппұл мен салықты төлеуден жалтарған азаматтдың 500 көлігін айыппұл тұрағына кіргізген.


ОҚО-да «Автоураган» кешені көмегімен миллиард теңгеден астам айыппұл өндірілді

2018 жылдың басынан бері тәртіп сақшылары «Автоураган» кешені көмегімен айыппұл мен салықты төлеуден жалтарған азаматтдың 500 көлігін айыппұл тұрағына кіргізген, деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Облыс бюджетіне миллиард теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдар тәркіленген.

ОҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері Жергілікті полиция қызметімен және басқа да бейінді органдармен бірлесе әкімшілік айыппұлды төлеу бойынша қарыздары бар жүргізушілерді, сондай-ақ салық пен басқа да төлемдерден жалтаратындарды анықтау жөнінде іс-шаралар жүргізуде. Іс-шараның мақсаты жасалған әкімшілік құқықбұзушылық жазалардан жалтармау қағидалары мен әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер жөніндегі қаулыны уақытылы орындауды қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі таңда ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметімен облыс орталығының жолдарында жүргізетін «Автоураган» екі мобильді жылжымалы кешені пайдаланылады.