ОҚО-да «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры тағайындалды

0
2 822

Еңбек жолын 2000 жылы Шымкент қаласының әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.


 ОҚО-да «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры тағайындалды

ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысында ОҚО «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес АҚ филиалының жаңа директоры болып Жеңісбек Ержан Жеңісбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ержан Жеңісбекұлы 1979 жылы 3 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында дүниеге келген. 1996-1999 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқып, одан әрі өз мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Шымкент қаласының әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. 2000-2017 жылдары өзінің қызметінде ол Шымкент қаласының әкімі аппаратының бас маманы, бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, ОҚО Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2017 жылы «Азаматтарға арналаған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма аппаратының ішкі қауіпсіздік департаментінің директоры болып тағайындалған.